«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәлімет » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәлімет
01
март
2022

«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәлімет

“А.Розыбакиев атындағы орта мектеп” ауданымыздағы 100 жылдық тарихы бар іргелі киелі білім шаңырағы.
Әуелгі жылдары (1920) түске дейін төте жазумен, түстен кейін құранның сүрелерін жатқа жаздыратын Насыр молда Мансұров ұйымдастырған бұл мектеп 1929 жылы 4 сыныптық бастауыш мектеп болып ашылды.
Бүгінгі таңда мектебімізде 2021-2022 оқу жылында жалпы 1126оқушы, 50 сынып комплектісі бар. Олардың қазақ сыныптарында оқитындары – 552, 25-сынып комплект, ұйғыр сыныптарында оқитындар – 574 , 25 сынып комплект . 1-ауысымда -26 сынып, 548 оқушы, 2-ауысымда -24 сынып, 578 оқушы.білім алады. Ұлттық құрамы бойынша қазақ балалары – 530, ұйғыр балалары -591, басқа ұлт балалары – 5. Қазақ тілінде білім алатын сыныптарда 17 ұйғыр баласы оқиды.
Педагогикалық ұжымда 130 мұғалім жұмыс жасайды. Ұлттық құрамы бойыша қазақ- 80, ұйғыр- 49, татар- 1мұғалім. Жоғарғы білімді -121, арнаулы орта білімді- 4. Жоғарғы санатты -4, І санатты-10, ІІ санатты -18, педагог зерттеуші-17, педагог сарапшы -24, педагог модератор -20. Мектепте 32 кабинет бар, оның ішінде информатика кабинеті -2, кітапхана -1, кітапханадағы оқу залында 36 орын бар , спорт залы-1, мәжіліс залы 100 орындық , асхана -150 орындық, АӘД кабинеті – 1.
Мектеп әкімшілігінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары
- 3, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары-2, педагог-ұйымдастырушы -1, әлеуметтік педагог-1, мектеп психологы-2.
Мектепте 36 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Олардың қазағы -30, ұйғыры -6.
Мектепте тәрбие жұмысы сегіз бағыт бойынша жүргізіледі:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Аталған бағыттар бойынша 2021-2022 оқу жылының қыркүйек , қазан айларында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы, 1-қыркүйекте 1-сынып оқушылары үшін «Кел балалар, оқылық!» салтанатты жиыны, 1-11 сынып оқушыларына ҚР Тәуелсізідігінің 30-жылдығына арналған 2-11 сынып «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаттары, 2 2Ә «Мейірімділік асыл қасиет» үлгілі сынып сағаты, 9 Ә сынып
«Тілім менің ғасырлардан аманат» әдеби монтаж, 3-сыныптар «Жол тәртібін жадыңда ұста» үлгілі сынып сағаты өткізілді, 2 «Б» сыныбында «Әдептілік тәрбие бастауы», 3 «Ә» сыныпта «Біз деген әдеп, сіз деген көмек», 4 «Б» сыныпта «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны», 8 «Б» сыныпта «Адамгершілік асыл қасиет» , 4 «Г» сыныпта «Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі», 1-11 сыныптар «Ар намысты арқалаған, рухты батыр -Бауыржан» адалдық сағаты,5 сынып оқушылары «Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік! »сынып сағаттары, 11 сынып оқушылары «Қарттарым – асыл қазынам» кездесулерін, 9-10 сынып оқушылары «Ядролық қарусыз болашаққа» Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жылдығына орай, 6 «А» сынып «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» сынып сағатын , мектеп кітапханашылары «Рухани жаңғырумен бірге - болашаққа» оқырмандар конференциясын, 5 «Г» сынып «Дені саудың – жаны сау» үлгілі сынып сағаттарын өтті.
Мектепте өзін-өзі басқару оқушы жастар ұйымы жұмыс жүргізеді. Ұйымда 16 мүше бар. Оқушы жастар ұйымының ұлан басы және мүшелері сайланған. Қыркүйек, қазан айларында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен бірлесе отырып Білім күніне байланысты салтанатты шара , қарттар және мұғалімдер күндеріне орай мерекелік құттықтаулар өткізілді.Сонымен бірге өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды.