2023-2024 оқу жылындағы химия пәні бойынша конкурс өткізілді » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы химия пәні бойынша конкурс өткізілді
05
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы химия пәні бойынша конкурс өткізілді

№ 2 Хаттамасы
Күні: 05.09.2023ж
  Қатысқаны : комиссия құрамы
Конкурстық комиссия құрамы:
  1. Т.ТАлимгазиевна - Аудандық білім орталығының әдіскері: 
  2. М.Ш.Сеитбекова -  директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары
  3. Ш.К.Ашимов - директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары;
  4. Н.Д. Кашағанова - кәсіподақ комитетінің төрайымы:
     5. З.АШакирова - ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
     6. Исламова Гульбану - бастауыш сынып мұғалімі; (хатшы) 
     7. М.М. Тохтахунов – «Қамқорлық» кеңесінің төрағасы
Күн тәртібінде:
  1. 2012 жылғы  27 ақпандағы № 57 бұйрық бойынша тұрақты бос лауазымға химия пәнінен педагог кандидаттарды тағайындау.
Тыңдалды:
     1-мәселе А.Розыбакиев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген 2012 жылғы  27 ақпандағы № 57 бұйрыққа сәйкес конкурсқа  химия пәні бойынша 2  үміткер педагог қатысты. Қатысушы үміткер педагогтар өздері туралы мәлімет беріп таныстырып өтті.
  1. Байтикбаева Меруерт Жахановна
  2. Нурсагатова Асель
    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 57 бұйрығының 10-қосымшасы  бойынша үміткерлер өтініш жазып, 11-қосымшаға сәйкес бағалап өтті. Келесі кезекте комиссия мүшелері №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысушы үміткерлерді бағалады.
Сөйлегендер:
Аудандық білім беру орталығының әдіскері Тұрған Тұрлыкожаевна сөз алып, химия пәніне үміткер кандидаттардың өзін  өзі бағалау барысында Байтикбаева Меруерт өзіне 31 балл қойған «Қазақстан педагогтар қауымдастығы» тарапынан алынған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» төсбелгісін қоса бағалаған. Алайда төсбелгі  514 бұйрыққа сәйкес келмейді, тізбеде жоқ. Нұрсағатова Әсел  өзін 9 балмен бағалаған.
   Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Шарипхановна сөз алып, конкурсқа қатысқан химия пәніне үміткер педагогтардың  бос тұрақты  педагог лауазымына үміткерлердің бағалау парағы, құжаттары жайында тоқталды. Олар бағалау шкаласына сәйкес бағаланғандығы жайында айтылды. Сонымен қатар педагогтардың портфолиосы да қаралды. Соның нәтижесінде комисия құрамының бағалауымен Байтикбаева Меруерттің жалпы балы -46,5, Нұрсағатова Әсел – 54 балл жинады.
Аталған комиссия құрамы  жекелей әр қатысушыны бағалап, қосымша сұрақтар қойды.
Қаулы етті
  1. ҚР Білім және ғылым миннстрінің 2012 жылғы    27 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес өткізілген конкурс нәтижесі бойынша үміткер мұғалім Нурсагатова Асель тұрақты  лауазымға  ұсынылсын.