2023-2024 оқу жылындағы бос орынға конкурс өткізілді » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы бос орынға конкурс өткізілді
29
август
2023

2023-2024 оқу жылындағы бос орынға конкурс өткізілді



№ 1 Хаттамасы
Күні: 29.08.2023ж
  Қатысқаны : комиссия құрамы
Конкурстық комиссия құрамы:
  1. Р.Қадырбекова -Аудандық білім орталығының әдіскері: 
  2. М.Ш.Сейтбекова -   директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары
  3. Ш.К.Ашимов - директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары;
  4. Н.Д. Кашағанова - кәсіподақ комитетінің төрайымы:
     5. З.А.Шакирова - ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
     6. Исламова Гульбану - бастауыш сынып мұғалімі; (хатшы) 
     7. М.М. Тохтахунов – «Қамқорлық» кеңесінің төрағасы
Күн тәртібінде:
  1. Бос және уақытша бос лауазымға өтініш берген үміткерлер жайлы қысқаша мәлімет
  2. 2012 жылға  27 ақпандағы № 57 бұйрық бойынша мектептің  атынан жарияланған  вакансиялық бос лауазымға уақытша және тұрақты педагог кандидаттарды тағайындау.
Тыңдалды:
      1-мәселе бойынша  «А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген 2012 жылға  27 ақпандағы № 57 бұйрыққа сәйкес 9 үміткер педагог конкурсқа өтініш білдіріп, бастауыш сынып, музыка, тарих, психолог, әлеуметтік  педагог және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша конкурсқа қатысты.
Музыка пәні бойынша:
Найманбаева Майра
Кұлжабеков Ердаулет
Тарих пәні бойынша :
Дужужасарова Дамира
Орыс тілі пәні бойынша:
Нурымова Айгерім
Бастауыш сынып мұғалімі:
Мухпулова Маликам
Хайруллаева Дилярям
Назарова Наргиза
Педагог-психолог мамандығы бойынша:
Орманбекова Жадыра
Әлеуметтік педагог мамандығы бойынша:
Жұмаділ Қарлыға
Ясинмахаметов Ринат
Қатысушы үміткер педагогтар өздері туралы тоқталды. Бос және уақытша бос лауазымға тағайындауға байланысты құрылған конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарын педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарап, тексеріп шықты. 
    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 57 бұйрығының 11-қосымшаға сәйкес үміткерлердің бағалау парағы мұқият тексеріліп, әрбір өлшем шарт бойынша әділ бағаланып шықты. Келесі кезекте комиссия мүшелері №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысушы үміткерлерді бағалады.
Сөйледі:
 Аудандық білім беру орталығының әдіскері Р.Қадырбекова сөз алып, үміткер кандидаттардың өзін-өзі бағалауына тоқталды. Әр қатысушыны мұқият тыңдап, жекелей сұрақтар қойды. 
   Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Сейтбекова  сөз алып, конкурсқа қатысқан үміткер педагогтардың   бос тұрақты және уақытша педагог лауазымына үміткерлердің бағалау парағы, құжаттары жайында айтып өтті. Олар бағалау шкаласына сәйкес бағаланғандығы жайында сөз қозғады. Сонымен қатар педагогтардың портфолиосы да қаралды. Соның нәтижесінде комиссия құрамының бағалауымен
  1. Музыка пәні бойынша конкурсқа
Найманбаева Майра – 54 балл, 
Кұлжабеков Ердаулет – 60 баллмен бағаланып, , Кұлжабеков Ердаулет тұрақты музыка пәнінің  лауазымына ұсынылды. 
  1. Тарих пәні бойынша Дужасарова Дамира конкурсқа қатысты, 48 баллмен бағаланып, тұрақты тарих пәнінің   лауазымына ұсынылды. 
  2. Бастауыш сынып мұғалімі бойынша екі мұғалім қатысып,  Хайруллаева Дилярям – 46 балл,  Мухпулова Маликам – 38 балл, Назарова Наргиза – 60 баллмен бағаланды. 
  3. Орыс тілі пәні бойынша бір мұғалім қатысты, Нурымова Айгерім-46 баллмен бағаланды.
Шешімі:
    ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы   27 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес өткізілген конкурс нәтижесі бойынша тұрақты  лауазымға үміткер мұғалімдер Орманбекова Жадыра педагог-психолог , Құлжабеков Ердаулет музыка пәнінің мұғалімі, Назарова Наргиза бастауыш сынып мұғалімі, Дужасарова Дамира тарих пәнінің мұғалімі.