Желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
декабрь
2022

Желтоқсан айында өткізілген іс-шаралар

Желтоқсан айында айлық жоспарға сәйкес шаралар ретімен жүзеге асырылды. Ұлттық тәрбие бағыты бойынша 4Б-сыныбы (Токырова Ж) «Жақсылық- жан азығы» тақырыбында үлгілі тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына оқушылар жақсы дайындалған, көрнекіліктері мол, тақырып ашылды.
«Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты бойынша 8-сыныптар бірлесіп «Тәуелсіздік –бәрінен қымбат» атты мектеп көлемінде ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар әдеби монтаж қойды. Оқушылар өлеңдерін жауапкершілікпен жаттаған, сынып жетекшілері жоғары талап қойып, оқушыларды жақсы дайындаған.
Отбасылық тәрбие бағыты негізінде «Тәрбиенің ең тамаша мектебі -отбасы» үлгілі өнеге сағатын 9А-сыныбы (Н.Раева) өткізді. Өнеге сағатында оқушылар отбасы туралы нақыл сөздер мен өлеңдер оқыды.
Айлық жоспарға сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас қыран» ұйымына 2-3-сыныптардан жалпы 53 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 3-4-сыныптардан жалпы 122 оқушы өтті.
Осы айда «Спид -21 ғасыр дерті» тақырыбында жоғары сыныптар арасында әдеп сабақтары мектеп медбикелерімен кездесу түрінде өтілді.
Рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша 1-сыныптар «Қош бол, құтты Әліппем!» атты әліппемен қоштасу мерекелік шараларын өткізді. Акт залын тақырыпқа сай әсем безендіру, оқушыларды эстетикалық талапқа сай біріңғай мектеп формасымен киіндіру және өткізілу сценарийі жағынан әліппемен қоштасу мерекесі жақсы ұйымдастырылып, ата –аналар өздерінің ризашылығын жылы лебіздерімен жеткізді.
«Кел, жаңа жыл!» жасыл шырша мерекесі арнайы кестеге сәйкес өткізілді. Мектепке даярлық тобының жаңа жылдық кеші Акт залында, қалған сыныптардың кеші спорт залда ұйымдастырылды.

«Рәміздерім айбыным» 3Ә- сыныбы (Қарашова А) үлгілі сынып сағаты;
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты белгіс,мақтанышы,халықты айбаре екені белгілі. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толқтырып , құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы- мемелекеттік рәміздер екені белгілі.
Елін жерін сүю мен Отанға деген адалдақтың бір белгісі- мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады.Оқушылар толық дайындалған көрнекіліктер жасалған талапқа сай өткізілді
«Тоғызқұмалақ» турнирі өткізілді «дене шынықтыру» пәні ӘБ үйірме жетекшілері өткізді. Турнирға мектебіміздің пән мұғалімдерінен қазақ тілі пән мұғалімі Жақыбаева Гүлнар Жақанқызы Аәд пәнінің мұғалімі Қожабергенов Ержан Мамтематика пәнінің мұғалімі Абдырақым Ермек музыка пәнінің мұғалімі Аметов Сейтжан және дене шынықтыру пән мұғалімдері қатысты.
Мектебімізде 26-29 желтоқсан аралығында «Кел жаңа жыл Жаңа Қазақстан еліне» тақырыбындағы жаңа жыл мерекесін қарсы алу кештері өткізілді.
26 желтоқсан күні о а әб в сыныптарының жаңа жылдық мерекесі өткізілді. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп әр сыныптан оқушылар шығып Аяз атаға тақтақтарын арнап Аяз атаның сыйлығына ие болды.
27 желтоқсан күні 1-4 және 2-3 сынптардың жаңа жыл мерекесін қарсы алу кештері өткізілді. Оқушыларға арнап жаңа жыл мерекесімен құттықтап ортада оқушы жастар ұйымының оқушылары жыл он екі ай маскалық киімдерімен өнер көрсетсе мектебіміздің жас мамандары Кел жаңа жыл деп ән айтып балалрға мерекелік көңіл күй сыйлады.
28 желтоқсан күні жаңа жыл мерекесін қарсы алу 5-6 сынып оқушылары және 8-9 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Аяз ата көңілді ән айтып би билеп оқушылардың көңілдерін көтерді және мектебіміздің директоры Ә.Н Нурбаева сөз сөйлеп оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады және оқушыларды мектебіміздің жас мамандары би билеп өз өнерлерін көрсетті.
29 желтоқсан күні мектебімізде «Кел жаңа жыл Жаңа Қазақсан еліне» тақырыбындағы жаңа жылдық мереке 7 сыныптар үшін сағат 10:00 де ұйымдастырылса 10-11 сыныптар үшін 15:00 ұйымдастырылды. 10 -11 сыныптар үшін өз өнерлерін көрсетуге 3 Б 3В 4 Б және 9 Ә сыныптары келді. Аяз атаны қарсы алып әр сынып өз өнерлерін көрсетті.
Желтоқсан айында жоспарланып, бірақ өтілмеген тәрбие сағаттары:М.Қадырбекова денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды.
«Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі» 3А сыныбы (М. Қадырбекова) өнеге сағаты;

Желтоқсан айында өткізілген  іс-шаралар