Қараша айында жоспарланған шаралар ретімен жүзеге асты » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қараша айында жоспарланған шаралар ретімен жүзеге асты
29
ноябрь
2022

Қараша айында жоспарланған шаралар ретімен жүзеге асты

Қараша айында жоспарланған шаралар ретімен жүзеге асты. Әдеп сабақтары белгіленген мерзімде тұрақты өтілді. Айлық жоспар негізінде «Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты бойынша 6В-сыныбы (А.Заитова) «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында үлгілі сынып сағатын өтті. Аталған шара топтық жұмыс, пікірталас алаңы сипатында жүргізілді.
Қараша айында жоспарланған  шаралар  ретімен жүзеге асты

Рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша 9Ә және 9В-сыныптары (Ш.Қожабергенова, М.Иминова) бірігіп, «Ән әлемнің саңлағы» атты Роза Бағланованың туғанына 110 жыл толуына орай ашық тәрбие сағатын өткізді. Әдеби монтаж түрінде талап деңгейінде өтті.



Осы бағыт негізінде 7Ә-сынып оқушылары (Ш.Кайысбекова) «М.Әуезов-қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында М.Әуезовтің 125 жылдығына орай үлгілі сынып сағатын өтті. Сынып сағаты қойылым түрінде тартымды ұйымдастырылды. Балалар сахналық көріністе рөлдерін жауапкершілікпен орындады.



Қараша айында жоспарланып, бірақ өтілмеген сынып сағаттары бар. Олар:
«Ата –ананы құрметтеу үлкен парыз» (үлгілі сынып сағаты) 5Б (Шамиева Р);
«Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге»(Өнеге сағат) 7Б (Хамраева З);
Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл ашық тәрбие сағаты 10А (Сатыбалдинова З);
«Балалар денсаулығы-ұлт денсаулығы» (спорттық шара) 6Б (Уразбеков А)
Айлық жоспарға сәйкес 6-сынып жетекшілерінің патриоттық тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстары тексерілді. 6А –сыныбы «Менің елім Қазақстан», 6Ә-сыныбы «Мен Отаныммен мақтанамын!», 6Б-сыныбы «Асқақтаған еліміз», 6В –сыныбы « Мен патриот», 6Д-сыныбы «Құқық бұзушылықтың алдын алу» деген тақырыптарда әдеп сабақтарын өткен, жоспарлары жинақталған. 6Г-сыныбы сынып жетекшісі А.Амансуфиев АӘД пәні мұғалімі Е.Қожабергеновпен бірлесіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының қаулы күштеріне 30 жыл» тақырыбында сынып сағатын өткізген.


Жалпы патриоттық тәрбие бағыты бойынша 6-сынып жетекшілерінің атқарған жұмыстары талап деңгейінде, дегенмен сынып сағаттарын түрлендіріп өту туралы ұсыныс айтылды.
Қараша айында жоспар бойынша «Бала дауысы» байқауы өткізілді. Байқау 2-5-сыныптар және 6-10-сыныптар арасында ұйымдастырылды. Өнерлі оқушылардың өнерін ұштауға, ортаға танытуға тәрбиелеу мақсатында өтілген ән байқауына қатысушылар ерекше дайындықтарын көрсетті. Байқау барысында үздік орындаушыны анықтауда әншінің туындыны жеткізуі, сахналық образы мен әнді сүйемелдеуіне ерекше мән берілді. Ән байқауына 2-6 сынып оқушылары қатысты. Ән байқауының қорытындысы бойынша бас жүлде 4 а- сынып оқушыларына берілді. 1 орынды 4 а- сынып оқушысы Ермек Айша иеленді. 2 орынды 3 а -сынып оқушысы Құрманғали Нұрали алды. З орынға 5 в -сынып оқушыларынан құрылған дуэт иеленді.