2022 – 2023 оқу жылының қазан айында жүргізілген әлеуметтік жұмыстар » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022 – 2023 оқу жылының қазан айында жүргізілген әлеуметтік жұмыстар
16
январь
2023

2022 – 2023 оқу жылының қазан айында жүргізілген әлеуметтік жұмыстар

Оқу жылының басында әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын анықтап , аз қамтылған, көп балалы, жетім, жартылай жетім балалардың құжаттарын жинақталып, комиссия отырысына ұсынып «Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен әлеуметтік статустағы отбасынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады. Мектеп асханасынан тегін тамақтанатын оқушылардың ас мәзірі мен санитарлық талаптардың орындалуын мектеп медбикелері күнделікті қадағалайды, ай сайын асхана жұмысының сапасына бекітілген комиссия мүшелері асхана жұмысының сапасын бақылау мақсатында акт жүргізеді. ҚР Білім және Ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары негізінде мектепішілік 2022 жылдың 01 қыркүйегінде №160 бұйрығы бойынша ЖББ қоры есебінен Қамқоршылық кеңес мүшелерінің шешімімен аудандық берілген сандық көрсеткішке сәйкес 116 оқушы тізімделіп бір мезгіл ыстық тегін тамақпен қамтылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысына сәйкес АӘК көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар анықталып, тегін ыстық тамақпен 33 оқушы қамтылды. Сонымен қатар ата-анасынан бөлек туыстарымен тұрып жатқан оқушыларды сынып жетекшілері арқылы анықтап, тізімі жасалынды. Анықталған оқушылардың ата-аналарынан заң жүзінде нотариус арқылы сенімхат алынды.
Жаңа оқу жылының басында тізімделіп бекітілген басты назарға алынатын ААҚҚ қалған мектепте қамқоршылықта – 9 «Б» сынып оқушысы Абдримов Ришат. Аталған оқушы басты назарда болғандықтан «Мектепке жол» акциясы бойынша және ЖБББ қоры есебінен бөлінген мектеп формасы,тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.


Анықтаманы жазған әлеуметтік педагог А.Ержанқызы