«Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауы өтті » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауы өтті
02
март
2022

«Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауы өтті

Наурыз айының 1 жұлдызында «А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» кмм «Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
– Педагог мамандығының мәртебесін арттыру.
– Байқауға қатысушының педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету.
– Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін ынталандыру.
Байқаудың міндеті:
– Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мұғалімдердің шығармашылық қызметін дамыту.
– Оқушыларға білім беруде қызметтік тәсілдер идеяларын тәжірибеде іске асырушы талантты педагогтерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау.
– Кәсіби құзыреттігін кеңейту.

Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі жас ұстаздар мен білікті ұстаздар тобы арасындағы педагогикалық шеберліктерін сынау сайысына қатысқан:
Бастауыш сынып мұғалімі Тоқырова Ж
Информатика пәні мұғалімі Ибрагимова Э
Химия пәні мұғалімі Абылханова А
Тарих пәнінің мұғалімі Чарипжанов С
Ағылшын пәні мұғалімі Нурбаева Ә
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Усманова Г
Бұл сәт - біздің жастарымыз үшін тәжірибе алмасу сәті деп айтуға болады. Сондықтан бұл сайыста ұстаздар маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді істерді, шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынды.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең Эссе жазу
2кезең Қатысушының портфолиосын
3- кезең Мұғалімінің қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу бойынша іс-әрекеті – 5минут – 10 балл. Педагогикалық ( әдіс-тәсілдің біреуін жарнамалау жиналмалы буклет)
4-кезең Мұғалімнің жеке шығармашылық қабілетін көрсетуі (Өз өнері)

Жоғарыда көрсетілген кезеңдер бойынша байқауыға қатысушы ұстаздар өз шеберліктерін көрсетіп, бөлісті.
Байқауда әділ қазылар кәсіподақ төрайымы қазақ тілі пәні мұғалімі Джакибаева Г.Ж, бастауыш сынып мұғалімі Кашаганова Н.Д, ұйғыр тілі пәні мұғалімі Изимова Х.Л байқау қатысушаларын әділ бағалап, төмендегі орын, номинациялары берілді:
І орын – тарих пәнінің мұғалімі Чарипжанов С
ІІ орын химия пәнінің мұғалімі Абылханова А
ІІІ орын информатика пәнінің мұғалімі Ибрагимова Э
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы – бастауыш сынып мұғалімі Тоқырова Ж
«Өнерлі ұстаз» номинациясы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нурбаева Ә
«Ізденімпаз ұстаз» номициясы – орыс тілі пәнінің мұғалімі Усманова Г