ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2023

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

МІНДЕТІ:
•Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.
•Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.
•Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;
•Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;
•Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі мен ой ӛрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.
•Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ
•Оқушыларды ӛз тілінде жатық сӛйлеуге, кез-келген ортада қарым- қатынасқа түсе алуға даярланады;
•Кестелі, бейнелі тілдік сӛйлеуді қолданады;
•Ӛзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;
•Сӛз бояуын құбылта алады.
•Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.
•Сӛзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сӛздік тұлғаларды қолданады;
•Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.
•Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.

ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
•дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
•дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
•оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
•дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
•дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

•дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
•сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
•оқушы дарындылығының моделін білу;
•қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
•дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана кӛңіл бӛлмей оның басқа да кӛрсеткіштерімен байланысына да кӛңіл бӛлу;
•дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі

Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер:
•ақыл-ой еңбегіне бейімділік,
•жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация,
•білімі,
•жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс яғни танымдық қажеттілік.
Бақылаулар кӛрсеткендей, жоғары танымдық қажеттілік баланың ӛз талпынысымен болады.
•Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды.
•Дайын жауаптарды ұнатпайды.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?
•Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.
•Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.
•Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)
•Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына кӛңіл бӛлу.
•Берілген тапсырманы бірлесе талдау.
•Бала қызығушылығына қолдау кӛрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.
ДАРЫНДЫ БАЛАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ:
1.Интелектуалдық сферасы.
2.Білімділік ӛрісі
3.Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, ӛз ойын ерте жеткізеді.

ДАРЫНДЫЛЫҚ ҮШ ПАРАМЕТРМЕН АНЫҚТАЛАДЫ:
1.Танымдылық жеке дамуы.
2.Психологиялық дамуы.
3.Физикалық дамуы.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУДА НАЗАР АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР:
1.Дарынды бала ӛзгеше және шапшаң ойлайды.
2.Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан ӛзгешелігі ӛте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.
3.Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сӛйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.
4.Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.
ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАҒАНДА ТӨМЕНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ КЕРЕК.
1.Жас ерекшелігі.
2.Тұлғалық ерекшелігі.
3.Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕС СИПАТТАМАСЫ:
1.Дарынды және талантты балалардың қалай оқитынының сипаттамасы
•Ақпаратты шұғыл ӛңдейді
•Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады
•Кең ауқымды білімді пайдалана алады…т.б.
2.Креативті ойлаудың сипаттамасы
•Ерекше нәрселерді іздейді
•Басқа біреуден ерекше болуға қорықпайды
•Әзілшіл
3.Ынталандыру сипаттамасы
•Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады
•Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады
4.Қоғамдық кӛшбасшылық сипаттамасы
•Құрбы-құрдастар құрметтейді
•Басқалармен жылдам тіл табысады
5.Табандылық сипаттамасы
•Ӛктем пікірлерге кекесінмен қарайды
•Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады, олардың ортасында жиі болуға тырысады


Дарынды оқушылардың білім деңгейінің өсу дәрежесін бағалаупараметрлері


Пәні:

Пән мұғалімі:

Оқушының аты-жөні: