«Денешынықтыру» пән бірлестігінің жылдық жоспары 2022-2023 оқу жылы » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Денешынықтыру» пән бірлестігінің жылдық жоспары 2022-2023 оқу жылы
14
февраль
2023

«Денешынықтыру» пән бірлестігінің жылдық жоспары 2022-2023 оқу жылы

Бірлестіктің тақырыбы: Денсаулық сақтау жөніндегі қазіргі заманға сай педагогикалық технологиялар арқылы жеке тұлғаны дамыту.
Ғылыми- әдістемелік жұмыс мақсаты: «Салауатты өмір салты мен спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы, оқушылардың әр түрлі деңгейдегі сайыстарда жоғары жетістіктерге баулу, белсене қатысып, нәтижелерге қол жеткізу. қазіргі заманға сай педагогикалық технологиялар арқылы білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Ғылыми- әдістемелік жұмыс міндеттері:
Міндеттері:
•Оқушыларды салауатты өмір салтына оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып тәрбиелеу;
•Оқу процессін оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға жаңа технологияларды қолдану;
•Пән бойынша үйірме, сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу;
•Оқушылардың білім, білік дағдысын, эстетикалық мәдениетін дамыту барысында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеу;
•Қабілеті жақсы және төмен оқушылармен білім деңгейіне қарай жекелей жұмыстар жүргізу;
•Мұғалім жұмысын жаңаша ізденіс, жаңа әдіс-тәсілдермен, озық тапсырмалармен түрлендіру
•Оқушылардың денсаулығын нығайтып, кеңістікті бағдарлай білу, қимыл қозғалыстарын қайта реттеу, жылдамдық, қуаттылық, төзімділік, күштілік, шыныққандық және икемділіктерін жетілдіру.
•Оқушының сабақта алған білімін дамыта отырып, спортқа және дене тәрбиесіне қызығушылығын ояту.