«Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар» » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар»
16
сентябрь
2022

«Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар»

«Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар»
Мақсаты:Ата-аналарға білім алушылардың ҰБТ тапсыру кезіндегі ата-ананың қолдауы туралы ұсыныстар ұсыну;
Қатысқандар:11сынып ата-аналары

WhatsApp арқылы 11сынып ата-аналарына ұсынымдар жіберілді.Биылғы жылы баласының ҰБТ ге қатысатынын және осы уакыттан бастап қандай көмек және қолдау қажет екендігі ата-аналарға түсіндірілді.
Ата – аналарға психологиялық тұрғыдан баланы қалау дайындау қажет екендігі туралы ұсынымдар ұсынылды.
1.Ең бастысы баланы психологиялық тұрғыдан дайындау қажет
Ол қалай ?Өмірде әр бала емтихан тапсыру қажет,сенің алдыңда әлі талай күрделі емтихандар күтіп тұр,ал мынау ең оңайы,сондықтан қорқудың қажеті жок деп баланы демеңіз
*ҰБТ тапсыруға балаңызбен қосымша пән етіп нені таңдайтынын талқылаңыз. Бұл дайындық жоспарын құруға көмектеседі: қай пәнге көп көңіл бөлу керек, ал қай пәнді жай ғана қайталап шықса жеткілікті.
*ҰБТ алдында үйде барынша қолайлы жағдай жасаңыз. Бала сіздің қолдауыңыз бен мейіріміңізді сезіну керек. Бұл кезде баланы үй шаруасынан босатыңыз, уақытын емтиханға дайындалуға ғана жұмсасын.
*Балаға материалды білетіндігіне сенімді болуына көмектесіңіз, өйткені бұл ол мектепте өткен материал ғой. Оның бар зейінін қойылған сұраққа аударуға үйретіңіз, әдетте жауап соның өзінде тұратын болады.
*Балаңызбен ҰБТ алдында кешке ол дайындықты тоқтатып, далада серуендеп келіп, жуынып, уақытында ұйықтауға жатады деп келісіңіз. Соңғы он екі сағат білімін емес, ағзаны дайындауға жұмсалу керек.
*Үйде жазбаша емтиханға дайындықты жиі өткізіңіз. Тестінің үлгі нұсқасын алып, балаға 3 сағат уақыт, таза қағаз парақтарын беріңіз. Уақытты белгілеңіз де, сынақтың басталғанын айтыңыз. Бұл уақытта баланы ешкімде, ешнәрсе де мазаламауға тиіс. Уақыт біткенде, сынақты тоқтатыңыз. Бала демалғаннан кейін тапсырмаларды баламен бірлесіп тексеріңіз. Қателерді түзеп, олардың неге болғанын талқылап көріңіздер.
*Дайындық кезінде бала аздаған үзіліс жасап отыруын бақылауға алыңыз. Шаршамай тұрып дем алып алған – қатты шаршап кетпеудің ең жақсы емі екенін түсіндіріңіз.
*Ата-аналар тарапынан ең басты көмек – олардың қолдауы мен өз балаларына деген сенімділік қажет.

Кері байланыс: Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды,өз ойларымен бөлісті.