Жасөспірімдер, жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг» » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер, жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг»
12
ноябрь
2022

Жасөспірімдер, жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг»

Тақырыбы: Жасөспірімдер, жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг»
Мерзімі:11.10.2022жыл
Мақсаты: Мектепте буллинг және киббербуллингті болдырмау,болған жағдайда себептері және алдын алу жұмыстары туралы түсінк беру
Сабақтың міндеттері:
1.Мектептегі буллинг және кибербуллинг құрбандары.
2. Түсінік жұмыстарын жүргізу
Қажетті құралдар: интербелсенді тақта,слайд,бейнеролик
Барысы:
5-7 сынып білім алушыларына жасөспірімдер, жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг»туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жалпы білім алушылардың Буллинг деген не? Кибербуллинг деген не? сұрақтарын қоя отырып түсінік жұмыстары жүргізілді.
Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Егер де:
саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.
Балаларға видиороликтер көрсетіліп жан-жақты түсірік жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды:Білім алушылар кері байланыс жасап өз сұрақтарын қойып,жауаптарын алды,өз ойларымен бөлісті.