ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2022

ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қосымша 1

«БЕКІТЕМІН»

______________ / Н.Б.Аязбаева

«___» __________ 20__ жыл

«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» КММ
ұжымы, оқушылары мен ата-аналарына арналған
ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» КММ еңбек тәртібі ҚР заңнамасына ҚР Еңбек кодексі мектеп жарғысына сәйкес әкімшіліктің ұсынысы бойынша білім беру ұйымы (бұдан әрі – БҰ) қызметкерлерінің педагогикалық кеңесімен бекітілетін ішкі еңбек тәртібі ережелерімен айқындалады.
1.2. Ішкі еңбек тәртібі ережелері мектеп ұжымы жұмысының ұйымдастырылуын регламенттеуге, қалыпты жұмысқа, жұмыс уақытын тиімді қолдануға, еңбек тәртібін нығайтуға, жұмыскерлер үшін жайлы орта құруға арналған.
Қысқаша сипаттама
БҰ мекенжайы, телефоны мен электрондық поштасы: Пенжім ауылы, Желтоқсан көшесі № 65, 47-8-70 alm_ rozabakieva@ mail.ru
БҰ жобалық қуаттылығы – 960 орындық
Жинақ сыныптар саны – 50 соның ішінде:
• 1–4 сынып – 20
• 5–9 сынып – 22
• 10–11 сынып – 8
Мектепалды даярлық сыныбы – 4
Сыныптардың орташа толымдылығы – 22,6
Сабақтар ауысымы
Мектеп екі ауысыммен жұмыс істейді
I ауысым: 1,4 сынып 8,9,10,11 сыныптар
II ауысым: 2,3 сынып 5,6,7 сыныптар
Сабақ ұзақтығы уақыт бойынша – 45 минуттан.
І ауысымдағы қоңыраулар кестесі
1-ші сабақ – 8:00 – 8:45
2-ші сабақ – 8:50 – 9:35
3-ші сабақ – 09:40 – 10:25
4-ші сабақ – 10:40 – 11:25
5-ші сабақ – 11:40 – 12:25
6-шы сабақ – 12:30 – 13:15
ІІ ауысымдағы қоңыраулар кестесі
1-ші сабақ – 13:45 – 14:30
2-ші сабақ – 14:35 – 15:25
3-ші сабақ – 15:40 – 16:20
4-ші сабақ – 16:25 – 17:05
5-ші сабақ – 17:20 – 18:10
6-шы сабақ – 18:05 – 18:45



0-сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңімен бірге 1-ші тоқсандағы сабақтар сағат 9-дан басталады.
Оқу уақыты мен мерекелер
Оқу және каникул күндері:
• 1-ші тоқсан: 01.09. бастап 29.10. дейін, каникул 01.11. бастап 07.11. дейін.
• 2-ші тоқсан: 08.11. бастап 29.12. дейін, каникул 30.12. бастап 09.01. дейін.
• 3-ші тоқсан: 10.01.бастап 18.03. дейін,каникул 19.03. бастап 30.03. дейін.
• 4-ші тоқсан: 31.03. бастап 25.05. дейін.
Мектепалды сыныптарында және 1 сыныптарда қосымша каникул 07.02 бастап 13.02 дейін
Мерекелік күндер:
• 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні;
• 16–17-желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні;
• 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
• 1-мамыр – ҚР халықтары бірлігі күні;
• 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні;
• 9-мамыр – Жеңіс күні.
Жұмыс уақыты:
Директор – 8:00 – 12:30; 14:00 – 17:30
Директордың орынбасарлары:
• Оқу және тәрбие ісі бойынша – 8:00 – 12:30, 14:00 - 17:30
• Әлеуметтік педогог,педогог ассистент- 8:00 – 13:00, 14:00 – 17:00
• Психолог, дефектолог, логопед- 8:00 – 13:00, 14:00 – 17:00
• Пән мұғалімдері: кесте бойынша.

2. БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУДАН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
2.1. Мектепте балаларды қабылдау тәртібі Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2018.12.10 № 564 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жүргізіледі.
2.2. БҰ-на қабылдау баланың туу туралы куәлігі, медициналық картасы болған жағдайда ата-ананың (заңды өкілінің) өтінішінің негізінде жүзеге асырылады, ол ата-аналарға құжаттарды қабылдағаны туралы растау құжатын беру арқылы бекітілген үлгідегі журналға тіркеледі.
2.3. Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініштерін қабылдау 2 бөлім 9 ші тармақтың ережелерін сақтай отырып, жыл сайын жүзеге асырылады.
2.4. Оқушылар 10-сыныпқа келесі құжаттардың негізінде қабылданады:
• ата-аналардың өтініші,
• негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік.
Оқушыларды 10-сыныпқа қабылдау кезінде педагогикалық кеңестің ұсынымдары ескеріледі.
2.5. Ата-аналар өтініш берген кезде ата-аналық құқығын растайтын құжаттарды көрсетуге тиіс.
2.6. Білім алушыларды мектепке қабылдаған кезде мектеп әкімшілігі білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) келесі құжаттармен таныстыруға міндетті:
• Жарғымен;
• білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін лицензиямен және оның қосымшаларымен;
• осы ережелермен.
2.7. Білім алушыны мектепке қабылдау өтініш берген күннен бастап екі күннің ішінде директордың бұйрығымен ресімделеді.
2.8. Білім алушыларды 1-ші және 10-шы сыныпқа қабылдау туралы бұйрық ағымдағы жылдың 2-қыргүйегінен кешіктірмей шығарылады.
2.9. Баланы мектепке қабылдау туралы бұйрық шыққан соң білім алушылардың әліпбилік жазба кітабына сәйкес жазба жасалады.
2.10. Әр білім алушыға жеке іс қағаз жүргізудің бекітілген талаптарына сәйкес білім алушының жеке іс қағазы ресімделеді. Жеке іс қағаздың нөмірі білім алушылардың әліпбилік жазба кітабындағы нөмірге сәйкес беріледі.
2.11. Баланы мектептен шығарған кезде әліпбилік кітапқа баланың кеткен жерін және кету себебін (мектеп бойынша бұйрық) көрсете отырып, сәйкес жазба жасалады.
2.12. Білім алушылардың жеке іс қағаз мектепте сақталады. Білім алушы басқа БҰ-на ауысқан кезде жеке карта жазбаша өтінішінің негізінде ата-аналарға беріледі.
2.13. Білім алушы оқу жылының ішінде бір мектептен басқа мектепке ауысқан жағдайда негізгі құжаттармен қатар мектеп директорының қолымен және мөрімен куәландырылған білім алушының оқу үлгерімі ведомосы қоса беріледі.
2.14. Сәйкес деңгейдегі білім алуға құқылы азаматтардың бәрі мектепке қабылданады. Балаларды мектепке қабылдаудан негізсіз бас тартуға немесе мектепке конкурстық негіз­де қабылдауға жол берілмейді.
2.15. Білім алушыларды мектептен шығару/тізімнен алып тастау.
Білім алушыларды мектептен шығару тек «Білім туралы» ҚР Заңымен көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2.16. Басқа БҰ-на ауысуына байланысты білім алушыны мектептен шығарған кезде міндетті жалпы білім беру туралы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу мақсатында білім алушының ата-анасы құжаттарды тапсырған соң оқушының осы мектепке қабылданатыны туралы растау анықтамасын ұсынады.

3. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
3.1. Жұмыскерлер осы мектептегі жұмысы туралы еңбек шартын жасасу арқылы еңбек ету құқығын іске асырады.
3.2. Жұмыскер мен БҰ арасындағы еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады. Жұмысқа қабылдау мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.
3.3. Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасасу кезінде жұмысқа келген адам мына құжаттарды ұсынады:
• төлқұжат немесе жеке куәлік;
• еңбек кітапшасы (шарт бойынша алғаш келген тұлғалар үшін, – жұмыспен қамту орталығы берген соңғы қызметі туралы анықтама, Қарулы күштер қатарынан шығарылған тұлғалар үшін – әскери билет);
• білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжаттар;
• тұрғылықты жері бойынша емханадан берілетін денсаулық жағдайы бойынша мектепте жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері болмауы туралы медициналық ұйғарым, сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде заңмен айқындалған өзге медициналық құжаттар.
3.4. Жұмыскерді бекітілген тәртіппен жұмысқа қабылдаған немесе басқа жұмысқа ауыстырған кезде әкімшілік оны келесі құжаттармен таныстыруға міндетті:
• БҰ Жарғысымен;
• Ұжымдық еңбек шартымен;
• Ішкі еңбек тәртібі ережелерімен;
• лауазымдық нұсқаулықтармен;
• еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі бұйрықтармен. «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша бастапқы нұсқама журналына» жазба қалдыру арқылы еңбекті қорғау бойынша бастапқы нұсқама жүргізу, сондай-ақ еңбек және оған ақы төлеу туралы ақпараттандыру.
3.5. Еңбек шартын тоқтату заңнамамен көзделген негіздер бойынша ғана орын алуы мүмкін.
3.6. Бес күннен астам жұмыс күнінде жұмыскерлердің бәріне бекітілген тәртіпте еңбек кітапшалары ашылады. Жұмыскерлердің еңбек кітапшалары қатаң есептіліктегі бланкілер ретінде мектепте сақталады.
3.7. Әр жұмыскерге жеке іс ашылады, ол кадрларды есепке алу бойынша жеке парақтан, өмірбаянынан, білімі, біліктілігі, кәсіби даярлығы туралы құжаттардың көшірмелерінен тұрады; медициналық кітапша толтырылады, мұнда денсаулық жағдайы бойынша мектепте жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері болмауы туралы ұйғарым болуы тиіс; тағайындау, ауыстыру, ынталандыру мен жұмыстан шығару туралы бұйрықтардан үзінділер. Жұмыскер жұмыстан шыққан соң оның жеке ісі мектепте қалады.
3.8. Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру тек оның келісімімен жүргізіледі, тек заң өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін және тоқтап қалуға, соның ішінде ішінара тоқтап қалуға байланысты жұмыскердің келісімінсіз уақытша ауыстыруға жол беретін жағдайлардан басқа.
3.9. БҰ жұмысын ұйымдастыру мен мектепте еңбекті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты (сағат санының, сабақ жоспарының, мектептің жұмыс режимінің өзгерістері, оқыту мен тәрбиенің жаңа нысандарын енгізу және т. с. с.) сол лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмыс істеген кезде жұмыскердің еңбек жағдайының елеулі өзгерістеріне: еңбекке ақы төлеу жүйесі, жеңілдіктер, жұмыс режимі, оқу жүктемесі көлемінің өзгерісі, соның ішінде толымсыз жұмыс уақытын бекіту немесе алып тастау, қосымша жұмыс түрлерін бекіту немесе алып тастау (сынып жетекшілігі, кабинетке, шеберханаға жетекшілік ету және т. б.), кәсіптерді қоса атқару, сондай-ақ еңбектің өзге елеулі шарттарын өзгерту секілді жағдайларға жол беріледі.
Жұмыскер оның еңбегінің елеулі талаптарының өзгеруі туралы кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуға тиіс. Егер бұрынғы елеулі еңбек жағдайлары сақталмаса, ал жұмыскер жұмысын жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, еңбек шарты тоқтатылады.
3.10. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес белгілі мерзімге шарт жасасқан жұмыскерлер ҚР заңнамасымен көзделмеген жағдайлардан басқа кезде шартты мерзімінен бұрын бұза алмайды.
3.11. Жұмыстан шығатын жұмыскерді оның келісімен басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда жұмыскерлер штаты немесе саны қысқаруына байланысты не атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеуі бойынша жұмыстан шығаруға жол беріледі.
Маңызды себепсіз еңбек міндеттерін бірнеше рет орындамағаны; маңызды себепсіз жұмыс күні ішінде үш сағаттан астам уақыт жұмыста болмау немесе кешігу; жұмысқа масаң күйде, соның ішінде есірткілік немесе уытты масаю күйінде келу; тәрбие қызметтерін орындайтын жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруымен үйлеспейтін қоғамға жат қылыққа барғаны үшін жұмыстан шығару жұмыстан шығарылатын жұмыскердің кінәсі дәлелденген жағдайда мектептің сайланбалы кәсіподақ органымен келісусіз жүргізіледі.
3.12. Жұмыстан шығарған күні мектеп әкімшілігі жұмыстан шығатын жұмыскермен толық есеп айырысады және оған тиісінше ресімделген еңбек кітапшасын, сондай-ақ аттестаттаудан өтуі туралы құжатты береді. Еңбек кітапшасына жұмыстан шығу себебі туралы жазба заңнаманың тұжырымдамаларына сәйкес және заңның баптары мен тармақтарына сүйене отырып жасалады. Заң жеңілдіктер мен басымдықтар берумен байланыстыратын жағдайлар бойынша жұмыстан шыққан кезде еңбек кітапшасына осы жағдайлар көрсетіле отырып, жазба жасалады.

4. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
4.1. Мектеп жұмыскері міндетті
- адал әрі әділ жұмыс істеуге, Мектеп жарғысы мен, еңбек тәртібін сақтауға: жұмысқа уақытында келуге, бекітілген жұмыс уақытын сақтауға, әкімшіліктің өкімдерін уақытында әрі нақты орындауға;
жүйелі түрде, бес жылда бір реттен сиретпей кәсіби біліктілігін арттыруға;
мектептен, сондай-ақ мектептен тыс тәртіп пен адамгершілікті парызды орындауда үлгі болуға;
білім қызметкерінің педагогикалық әдебін сақтауға;
- Аралас тілді білім ұйымында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтауға;
- сәйкес қағидалармен және нұсқаулықтармен көзделген қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды толық сақтауға; барлық жарақаттану жағдайлары туралы дереу әкімшілікке хабарлауға;
- қоғамдық мүлікті сақтауға және оқушылардың мемлекеттік мүлікке ұқыпты қатынасын тәрбиелеуге;
- жыл сайын заңмен бекітілген мерзімде медициналық тексеруден өтуге.
4.2. Бекітілген құжаттаманы уақытында толтыруға және мұқият жүргізуге.
4.3. Кесте бойынша сабағы басталғанша жұмысқа 15 минут бұрын келуге.
4.4. Мектеп әкімшілігі жұмыс уақытында педагог қызметкерлерді мектеп кезекшілігіне тартады. Кезекшілік сабақ басталардан 20 минут бұрын басталып, осы педагогтың сабағы біткен соң 20 минутқа дейін созылуы тиіс. Кезекшілік кестесі жарты жылға бір жасалады және мектеп директорымен бекітіледі.
4.5. Бастауыш мектеп оқушылары сабаққа және сабақтан пән мұғалімдерімен бірге кіріп-шығуы тиіс.
Сабақты қоңыраумен бастап, оны қоңыраумен аяқтауға, оқу уақытын тиімсіз пайдалануға жол бермеуге.
4.6. Сынып сағатын қоса әр сабақтың сабақ жоспары болуға тиіс.
4.7. Сабақ кестесіне қарамастан мұғалімдер мен оқушылар жоспарлан іс-шаралардың бәріне қатысуға.
4.8. Әр оқу тоқсанының алғашқы күні тоқсанға арналған немесе сабақтың алғашқы күні ағымдағы оқу жылына арналған тақырыптық жұмыс жоспары болуға.
4.9. Мектеп директоры орынбасарларының тапсырмасын мерзімінде орындауға.
4.10. Мектеп директорының бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға, бұйрықпен келіспеген жағдайда аталған бұйрық бойынша еңбек даулары комиссиясына шағым түсіруге.
4.11.. Сынып жетекшісі сабақ кестесі мен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес аптасына бір рет сынып сағатын өткізуге міндетті. Тәрбие жұмысының жоспары жылына бір рет жасалады.
4.12. Сынып жетекшісі қолда бар тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес сыныппен сыныптан тыс тәрбие жұмысымен айналысады, сондай-ақ сыныпта ата-аналар жиналысын өткізеді.
4.13. Мектептің педагог және өзге қызметкерлеріне тыйым салынады
 сабақ кестесін және жұмыс кестесін қалауы бойынша өзгертуге;
 сабақ (сабақтар) мен үзілістер (үзіліс) ұзақтығын алып тастауға, ұзартуға немесе қысқартуға;
 оқушыны сабақтан шығаруға;
 мектеп үй-жайында және оған тиесілі аумақта шылым шегуге.
4.14. Сырқатына байланысты жұмысқа келмеген жағдайда жұмыскер осындай мүмкіндігі болған жағдайда әкімшілікті барынша ертерек хабардар етуге, сондай-ақ жұмысқа алғаш шыққан күні уақытша еңбекке жарамсыздық парағын өткізуге міндетті.

5. ӘКІМШІЛІКТІҢ МІНДЕТТЕРІ
Мектеп әкімшілігі міндетті
5.1. Педагогтар мен мектептің өзге қызметкерлерінің еңбегін әрқайсысы өз мамандығы мен біліктілігі бойынша жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастыруға, әр жұмыскерге белгілі жұмыс орнын бекітуге, сабақ кестесімен және жұмыс кестесімен уақытылы таныстыруға, педагог қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы мен оқу жылына арналған оқу жүктемесін хабарлауға.
5.2. Сабаққа қатысу және талдау, әкімшілік бақылау жұмыстарын және т. с. с. жүргізу, сабақ кестесін сақтау, білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу кес­телерін орындау арқылы білім беру процесінің сапасын бақылауды жүзеге асыруға.
5.3. Белгіленген уақытта жалақы беруге, еңбек және жұмыскерлер жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге.
5.4. Оқу және еңбек тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға.
5.5. Жұмыскерлер мен оқушылардың қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша талаптар мен нұсқаулықтардың бәрін білуі мен сақтауын тұрақты бақылауға.
6. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
6.1. Оқушылар бекітілген тәртіп бойынша мектепке мектеп формасымен келеді.
6.2. Спорттық киімді оқушылар дене шынықтыру және спорт сабақтарында қолданады.
6.3. Білім алушыларға мынадай киім киюге тыйым салынады
 діни киімдер, діни атрибуттары және (немесе) діни символикасы бар киімдер;
 зергерлік әшекейлер мен бұйымдар;
 жағажай аяқ киімін, платформасы жуан аяқ киім, өкшесі биік туфли.
6.4. Білім алушылар мектепте
_ Тәрбиенің жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты
негізінде татулық пен келісімді сақтауға;
 ІТЕ, басқарма органдарының шешімдері мен мектеп директорының бұйрықтарын сақтауға;
 өзге оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқығын, ар-намысын мен абыройын құрметтеуге, олардың мүдделерін нұқсан келтіруге жол бермеуге, кішілерге көмектесуге;
 оқуға саналы түрде қарауға, сабаққа және өзге іс-шараларға уақытылы келуге, жұмыс орнында тәртіп сақтауға, сабаққа келмеген жағдайда мекемелерден ресми құжаттарды көрсетуге;
6.5. Мектеп оқушыларына тыйым салынады
 қару, оқ-дәрі, электрлік шокерлер, газ баллондарын, пиротехникалық заттар, спиртті ішімдіктерді, темекі өнімдерін, уытты және есірткілік заттарды әкелуге, беруге немесе қолдануға;
 мектептегі тәртіпті сақтауға, Мектеп жарғысын орындауға;
6.6. Осы ІТЕ бұзғаны үшін оқушыларға түрлі тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
 ата-анаға баланың тәртібі туралы хабарлау;
 айналасындағылар үшін зиянды әдеттің алдын алу туралы шешім қабылдау үшін ата-ананы мектепке шақыру;
 ата-ана қаражатының есебінен материалдық залалды өтеу;
ҚР заңдарын бұзған жағдайда оқушылар мен олардың ата-аналары әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.




7. АТА-АНАНЫҢ (заңды өкілдерінің) ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
7.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) міндетті
 бала тәрбиесі үшін, олардың орта білім алуына жауапты болуға және олардың жалпы орта (толық) білім алуына тиісті жағдай жасауға, білім алушылардың сабаққа келуін үнемі бақылауға;
 мектепке білім алушы туралы ақпаратты уақытылы жеткізуге, баланың сабаққа келмеу себебі туралы хабарлауға;
 шақыру деңгейіне қарай сыныптық және жалпы мектептік жиналыстарға қатысуға, педагогтардың, әкімшіліктің шақыруы бойынша мектепке келуге;
 білім алушы мектеп мүлкіне келтірген залалды қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте өтеуге;
 мектеп қызметкерлерінің еңбегі мен құқығын құрметтеуге, олардың беделін сақтауға;
 қолданыстағы заңнаманың нормаларын, Жарғы мен ІТЕ талаптарын орындауға.
 Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтауға;
7.2. Ата-аналар (заңды өкілдері) құқылы
 балаларының заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға;
 ҚР қолданыстағы заңнамасына және Мектеп жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға;
 Мектеп жарғысымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін өзге құқықты белгілейтін және нормативтік құжаттармен, соның ішінде ІТЕ танысуға;
 білім беру процесінің барысымен және мазмұнымен, білім алушының бағасымен танысуға;
 мектеп көрсететін қосымша білім беру қызметтері түрлерін таңдауға;
 сабаққа және оқу және оқудан тыс қызметтің басқа түрлеріне қатысуға (әкімшілік пен оқытушылардың келісімімен);
 қайырымдылық (жәрдем) ретінде сыныпты, мектепті дамыту үшін қолданыстағы заңнаманың аясында ерікті негізде материалдық көмек көрсетуге;
 Мектеп жарғысын және ІТЕ талаптарын орындауды талап етуге.

8. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
8.1. Мектепте екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы бекітіледі. Басқарушы, әкімшілік-шаруашылық, қызмет көрсетуші және оқытушы-қосалқы персонал үшін жұмыс күнінің (ауысымының) ұзақтығы 40 сағаттық жұмыс аптасы есебімен құрастырылған жұмыс кестесіне сәйкес анықталады.
Жұмыс кестелері кәсіподақ органымен келісу бойынша мектеп директорымен бекітіледі және жұмыстың басталуы мен аяқталуын, тынығу мен тамақтану үшін үзілісті көздейді.
8.2. Демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады және заңнамамен көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.
Жұмыстан тыс уақыттағы кезекшілікке айрықша жағдайларда айына бір реттен жиілетпей кезекшіліктің ұзақтығы секілді демалыс күнін беру арқылы жол беріледі.
8.3. Сабақ кестесін мектеп әкімшілігі педагогикалық мақсатқа сүйене отырып, оқушылардың жайлы еңбек және тынығу режимін ескере отырып және педагог қызметкерлердің уақытын барынша үнемдей отырып құрастырылады.
8.4. Педагогикалық кеңестің мәжілісі, директордың қатысуымен жиналыс, әдістемелік кеңестің мәжілісі, қағида бойынша, екі сағаттан аспауға тиіс, ал ата-аналар жиналысы бір жарым сағаттан, үйірме, секция сабақтары 40 минуттан 1 сағатқа дейін созылуы тиіс.

9. ЖҰМЫСТАҒЫ ЖЕТІСТІГІ ҮШІН МАРАПАТТАУ
9.1. Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбектегі жаңашылдығы және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін мынадай марапаттар қолданылады:
 алғыс білдіру;
 Құрмет грамотасымен мадақтау;
 ҚР атақтары мен марапаттарына ұсыну.
9.2. Марапттауды әкімшілік мектептің сәйкес кәсіподақ органымен бірге немесе келісу бойынша қолданады.
9.3. Марапаттар директордың бұйрығымен хабарланады және ұжымға жеткізіледі, жұмыскердің еңбек кітапшасына марапаттау туралы жазба жасалады.


10. ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
10.1. Еңбек міндетін орындамау, яғни жұмыскердің кінәсінен өзіне жүктелген еңбек міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау тәртіптік жазалауға алып келеді:
 ескерту;
 сөгіс;
 қатаң сөгіс;
 жұмыстан шығару немесе қоғамдық әсер ету шарасын қолдану.
10.2. Тәртіптік жаза қолдану ұсынылған құқықтың шеңберінде әкімшілікпен жүргізіледі. әрбір бұзушылық үшін тек бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
10.3. Жазаны қолдануға дейін еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша нысанда түсініктеме талап етіледі, жазбаша не ауызша түсініктеме беруден бас тарту жазаны қолдануға кедергі келтірмейді.
Педагог қызметкердің кәсіби тәртіп нормаларын және (немесе) Мектеп жарғысын бұзушылығын тәртіптік тергеу оның атына жазбаша нысанда түскен шағым бойынша ғана жүргізіледі. Көшірмесі педагог қызметкерге табысталуы тиіс. Тәртіптік тергеу барысы мен оның нәтижесі бойынша қолданылған шаралар тек мүдделі қызметкердің келісімен жария етіледі, заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда (педагогикалық қызметке тыйым салу, оқушылардың мүддесін қорғау).
10.4. Жаза еңбек тәртібін бұзуды анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылады, жұмыскердің ауырған және еңбек демалысында болған уақытын қоспағанда. Жаза еңбек тәртібін бұзған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қолданылмайды.
10.5. Жаза тағайындалатын нақты еңбек тәртібін бұзғанын көрсететін мектеп бойынга бұйрықпен жаза тағайындалады. Ол жұмыскерге қол қойған күннен бастап үш күндік мерзімде хабарланады.
10.6. Жазасы бар жұмыскерлерге осы жазалар қолданыста болған мерзімде марапаттау шаралары қолданылмайды.
10.7. Жұмыскердің өзіне еңбек шартымен (Мектеп жарғысымен және ІТЕ) жүктелген міндеттерді маңызды себепсіз бірнеше рет орындамағаны үшін тәртіптік жаза ретінде жұмыстан шығару қолданылады, егер маңызды себепсіз жұмыстан кешіккені (соның ішінде жұмыс күні ішінде үш сағаттан астам уақыт жұмыста болмағаны үшін), сондай-ақ жұмысқа масаң күйде, есірткілік немесе уытты масаю күйінде келгені үшін тәртіптік немесе қоғамдық жазалау шаралары қолданылған болса.


«Келісілді»
кәсіподақ комитетінің төрағасы
___________ / ___________
20__ ж. «__» ______________