«Руханият» тарих, құқық пән бірлестігінің жылдық жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

«Руханият» тарих, құқық пән бірлестігінің жылдық жоспары

«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Руханият» тарих, құқық пән бірлестігінің жылдық жоспары
2021-2022 оқу жылы.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»

Мақсаты: «Нәтижеге бағдарланған білім беруде инновациялық технологияларды меңгере отырып мұғалімдердің білімін үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру»

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу үшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру »
Мақсаты:
1. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру.
2. Оқушыларға стандартқа сәйкес білімді беріп қана қоймай, білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларын дамыту.
3. Мұғалімдердің барлық жұмыс түрлерін жүйелеу.

4. Әдістемелік жұмыстарды және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.


5. Оқу бағдарламаларын жоспарлау және нақтылау.

6. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін енгізу және тәжірибе алмасу.

7. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және сол олқылықтарды жою үшін жоспарлы жұмыс жасау

Міндеттері:
1) Қ.Р жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес оқу бағдарламасының талаптарын орындау;
2) Әдістеме бірлестігі мен мектеп көлеміндегі тақырыптарды оқытудың жаңа технологияларының әдістерін сабаққа енгізу,талдау және дамыту арқылы іске асыру.
3) Мұғалімдердің білімдерін жетілдіруге арналған оқу семинарларын ұйымдастыру;
4) Семинарларға, педогогикалық оқу ,т.б. іс-шараларға қатысу.
5) Оқушыларды тарих, құқық жетістіктерін пайдалана отырып, өндірістік экономикалық және қорғаныс потенциалын арттыруға нарықтық қатынастар жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға және ізденіп, зерттей білуге, сандық технологияларда құзырлылық танытуға үйрету.

o көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, тарихи тілде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу біліктігін қалыптастыру;
o тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б.) дамытуға бағытталған пәннің базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
o оқушыларды тарих, құқық ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға баулу;

tarih_zhyldy_zhospar_2020_2021_zhyl__kopija__kopija.pdf [216,69 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: tarih_zhyldy_zhospar_2020_2021_zhyl__kopija__kopija.pdf