2021-2022 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары
11
апрель
2022

2021-2022 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары

«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»
Ғылыми- әдістемелік жұмыс мақсаты:«Нәтижеге бағдарланған білім беруде инновациялық технологияларды меңгере отырып мұғалімдердің білімін үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру»
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы
«Математика сабағында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы мақсаты:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдары мен критериалды бағалау жүйесін сабақтарда тиімді қолдан;.
2. Оқушыларға стандартқа сәйкес білімді беріп қана қоймай,оқушылардың математикалық-функционалдық сауаттылығын және жаратылыстану ғылымдарындағы құзырлылығының қалыптасу дәрежесінің жоғары болуына ықпал жасау.
3. Мұғалімдердің барлық жұмыс түрлерін жүйелеу.

4. Әдістемелік жұмыстарды және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

5. Оқу бағдарламаларын жоспарлау және нақтылау.

6. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін енгізу және тәжірибе алмасу.

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы міндеттері:
1) Жалпыға міндет стандартқа сәйкес оқу бағдарламасының талаптарын орындау;
2) Әдістеме бірлестігі мен мектеп көлеміндегі тақырыптарды оқытудың жаңа технологияларының әдістерін сабаққа енгізу,талдау және дамыту арқылы іске асыру;
3) Мұғалімдердің білімдерін жетілдіруге арналған оқу семинарларын ұйымдастыру;
4) Семинарларға,педогогикалық оқу ,т.б. іс-шараларға қатысу.
5) Оқушыларды математика, физика, информатика жетістіктерін пайдалана отырып, өндірістік экономикалық және қорғаныс потенциалын арттыруға нарықтық қатынастар жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға және ізденіп, зерттей білуге, сандық технологияларда құзырлылық танытуға үйрету.
6) 2020-2021 оқу жылындағы мен 2021-2022 оқу жылындағы білім алшақтығын анықтапжүргізу;
7) Білім алушылардың білім олқылықтарының орнын толтыру;

o көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, ғылыми тілде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктігін қалыптастыру;
o тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б.) дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
o оқушыларды математика, физика, информатика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру;
 Жұмыс нысандары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығы, 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

matematika_2021_2022_ou_zhyly_dstemelk_zh_zh.pdf [229,05 Kb] (cкачиваний: 15)
Посмотреть онлайн файл: matematika_2021_2022_ou_zhyly_dstemelk_zh_zh.pdf