2022-2023 оқу жылында «Unity» әдістемелік пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылында «Unity» әдістемелік пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары
27
февраль
2023

2022-2023 оқу жылында «Unity» әдістемелік пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары

«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылында «Unity» әдістемелік пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»
Ғылыми- әдістемелік жұмыс мақсаты:«Нәтижеге бағдарланған білім беруде инновациялық технологияларды меңгере отырып мұғалімдердің білімін үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру»
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы
« Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде мұғалімдердің танымдық белсенділігін арттыру, кәсіби дамуына ықпал етіп, сапалы оқытуды жүзеге асыру»

Әдістемелік бірлестіктің мақсаты:
1. Орта білім берудің мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайларында білім беру үрдісін жобалау бойынша ағылшын тілін оқытудың инновациялық стратегиясын игеруде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
2. Пән мүғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін арттырып, жаңартылған білім беру мазмұнының оқытудағы әдістерін енгізу.
Әдістемелік бірлестіктің міндеттері:
1. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолдану
2. Педагогикалық тәжірибені оқыту және дамыту
3. Мұғалімдердің үздіксіз білім алуын және жоғары деңгейлі кәсіптік
шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру
4. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім сапасын арттыру
5.Мұғалімдердің өзара іс-тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету,инновациялық жаңалықтар енгізу.
6.2021-2022 оқу жылы мен 2022-2023 оқу жылы бойынша білім алшақтығын анықтап,жүйелі жұмыс жүргізу. Сыныптар бойынша білім алушылардың олқылықтардың орнын толтыру.


2022-2023 оқу жылында «Unity» әдістемелік пән бірлестігінің   жылдық жұмыс  жоспары