ИНТУИЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2023

ИНТУИЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ

 Өзіңді басқаның орнына қой.
Оның не сезінетінін сезін.
 Өзіңе қорқынышты сезінуге мүмкіндік бер
Қорқыныштан өт. Саған қорқыныш ұнамайды ма? Маған да. Алайда көпшілігіміздің онымен өмір сүруге және оны жауымыздан досымызға айналдыру қолымыздан келеді. Қорқыныш дегеннің не екенін білмейтін жүрек жұтқан адам болсаң,саған қорқынышты өз пайдаңа асыру амалын табу керек болады. Қорқыныш интуицияны сезінуге бөгет болады, әрі қорқынышты сезінуге қарсылық көрсеткен сайын күш алады. Өзіңе қорқынышты сезінуге жол бер. Оны сезінуге ешқандай кедергі жасама. Зейініңді қорқыныштың тап өзіне бағытта да оны ақырына дейін сезін. Онан шыққанда сен күш аласың және санаң тазарады. Қорқынышты сезінуге жол бергенде сен интуицияны күшейтесің, себебі бұл сенің ішкі әлеміңмен күресуді емес, оны естіп, сол қалпында қабылдауды үйретеді.
 Басқалардың көңіл-күйін сезін
Адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың эмоциясын тануға тырыс. Оларға ат бер. Сөйлесіп отырған кісінің бақытты ма? Көңілді ме? Қапалы ма,үміттеніп жүр ме? Адамдардың эмоцияларын сезінген сайын, әр түрлі ситуацияларды терең сезіне аласың, сенің интуицияң соғұрлым жақсы жұмыс жасайды. Интуивтік сезінулер мен абстрактілі идеялар эмоция мекендейтін жерден бастау алады. Сондықтан адамдардың эмоциясын неғұрлым жақсы тани білесің, соғұрлым интуициямен байланысты бола аласың.
 Ішкі талқылауды тоқтат
Әлдекімдікі немесе өзіңді өзің кіналау – бұл интуицияның емес – интуицияға бөгет болар негативті энергияның көрінісі. Ішкі сыншы «Ол ақымақ», «ол сүйкімсіз», «Мен толықпын», «Мен жеңіліс табамын» деген кезде тоқтай қал да «Неге бұлай айттым?»,
«Менің қай бөлігім тепе – теңдікті бұзып тұр?» деп сұра. Бұл сыншының дауысын естігенде оны тоқтат (оны елең қылмай, ығыстыра салам деу әурешілік, ол тағы бір жерден шыға келеді), оны позитивті сұраққа бағытта. « Бұл қолымнан келмейді» деген ой келгенде, мен оны саналы түрде «мұны қалай жасаймын?» деп өзгертемін. Егер менің шыдамым жеткілікті болса, және ішкі дауысқа құлақ ассам, ол маған не істеу керек екенін айтады. Ішкі сыншы «мұнан түк шықпайды» десе, мен «бұл идеяның қай бөлігі жарамды?» немесе «қандай идея жақсырақ болар еді?» деп сұраймын. Сен позитивті сұрақтарды қоя бастағанда бейсана оның шешімдерін интуиция арқылы жібереді.
 Оңаша қал. Ең жақсысы медитация жасау. Күніне жарты сағат болса да өз ойларыңмен жеке қалуға уақыт табуға тырыс. Ікі әлеміңе ден қоюға уақыт тапсаң, таңғажайып

қызықты әлемді ашасың. Жалғыз болғанда ішкі дауысыңды есту қабілетін ашқан соң, көпшіліктің ішінде де қажетті жағдайда индуктивті идеялар шығаруға үйренесің.
 Сұрақтар қой. Бірнеше сұрақтар қой. Сұрақ қою- интуицияны шынықтырудың тамаша тәсілі. Шығармашылықтың шарықтау шыңы бірнеше сұрақтар мен жауаптардың ұзақ ҚАТАРЫНАН соң келеді. Ізденімпаз адамдармен топ құрып, философиялық, ғылыми, әлеуметтік, медициналық, әдеби қиын сұрақтарды талқылаңыздар. Негізгі күшті жауаптар емес, сұрақтар береді- қарастырылмаған жолды ашып, жаңа сұрақтар мен жауаптарға түрткі болады.
Біреулер интуицияны ғылыми емес, рационалды емес деп атайды. Бұл бір жағынан дұрыс, бір жағынан дұрыс емес. Шығармашылық интуивті идея сен оны дәлелдемегенше ғылыми емес болып табылады. Алайда кез-келген ғылым болжамнан басталады. Ал болжам қайдан шығады? Ең сәтті шығармашылық және бірегей идеялардың бастауы-интуиция.