ДАУ-ДАМАЙЛАРДЫ ШЕШУ » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2023

ДАУ-ДАМАЙЛАРДЫ ШЕШУ

Кикілжің дегеніміз – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл-күйлерге байланысты әр түрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болуы. Кикілжің – бұл келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады.
Кикілжіңнің пайда болу себептері:
o Түсініспеушіліктен;
o Ренжуден;
o Ашуланудан;
o Келіспеушіліктен;
Жанжалдың жағымды жағы: Бір-бірін түсінуге ұмтылады; Бір-біріне көмектеседі;

Ынтымақтасады;
Бір-біріне зер салып тыңдайды; Бір-бірін кешіреді;
Жымияды;
Бірге жұмыс істейді және жанжалды шешеді; Бір-бірінің сезімін түсінуге тырысады; Әңгімені доғаруға тырысады.
Жанжалдың жағымсыз жағы:
Дауласып айтысады; Бір-біріне айқайлайды;
Бір-біріне күдікпен қарайды; Жеңуге тырысады;
Бір-бірін алдап кетеді;
Бір-бірімен бәсекелеседі; Бір-бірін кінәлайды;
Бір-біріне ашуланады.
Кикілжің болған жағдайда өз-өзіңді ұстай біл, өзіңді тоқтата біл;
- Көңіл-күйіңді басқара біл. Үнемі көңілді, күліп жүр!
- Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет;
- Оның талап- тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда;
- Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсінушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт;
- Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс;
- Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді.
- Егер серінің соншалық ашу- ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек.оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста.
- Серігіңнен өзінің тілек талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана тақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір.
- Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл- қалжыңдар айт.
- Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт.
- Қиындық туғызған мәселемен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра.
- Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр.
- Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер.
- Оның талап тілектері мен айтқандарынын мағынасын дұрыс қабылда.
- Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста.
- Кіңәлі болсаң кешірім сұрауға ұялма.
- Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс