Педагог-психологтардың 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психологтардың 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары
02
сентябрь
2022

Педагог-психологтардың 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары

Мақсаттар : Даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
4. Колледждегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.).
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы).
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.).
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.

Педагог-психологтардың 2022-2023  оқу жылына арналған жылдық жоспары











Мектеп педагог-психологтары: Омарова Г.К.
Кайсбекова К.А.