2022-2023 оқу жылы бойынша оқу-әдістемелік жұмыстардың жылдық жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы бойынша оқу-әдістемелік жұмыстардың жылдық жоспары
14
февраль
2023

2022-2023 оқу жылы бойынша оқу-әдістемелік жұмыстардың жылдық жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту» Ғылыми- әдістемелік жұмыс мақсаты:«Нәтижеге бағдарланған білім беруде инновациялық технологияларды меңгере отырып мұғалімдердің білімін үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру»
Ғылыми- әдістемелік жұмыс міндеттері:
-«Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды беруді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмыстың қызметіне назарға алу
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмыстың қызметін жандандыру;
-ҚР Білім туралы заңындағы өзгерістер мен толықтыруларды оқып үйрену;
-Оқу бағдарламасын орындауда оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдап алу
-Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, курстарға мұғалімдер қатыстыру, тәлімгерлікті жолға қою;
-Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату;
-Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
-Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда пән мұғалімдерінің тілдік құзіреттілігін дамыту үшін курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстары жүйелі жүргізу;
-IEA (TIMSS, PIRLS, ІCILS) және PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу (қазақ тілі, орыс тілі) сауаттылығы, математикалық және ғылыми-жаратылыстану (физика, химия, биология, география) сауаттылықтар саласындағы дамыту жұмыстары жетілдіру;
- Үздік педагогтардың видеосабақтар мен видеолекцияларын ресми сайттарға, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерге орналастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғастыру;
*пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
*мұғалімдердің шығармашылық кезеңдер жоспары бойынша жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, өз іс-тәжірибесін өзіндік жұмыстары(авторлық бағдарлама, жинақтар, әдістемелер) арқылы жинақтап, қорытындылауын қолға алу
*мұғалімдердің шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыстарын жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бағытында жүргізіп, жаңа форматтағы тапсырмалар жинағын дайындауға көңіл қою
*күнделікті тәжірибеде Bilimland , Kahoot, Jitsi meet, интерактивті білім беру қосымшаларын қолданатын мұғалімдер үлесін арттыру
*әр бірлестікте инновациялық жобалармен жұмысты енгізуді қолға алу
*жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру
Жұмыс нысандары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығы, 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.
әдістемелік басылымдарды әзірлеуді ұйымдастыру; - оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру; - видеотекалар, медиатекалар құру Заманауи білім беру саясаты контекстінде педагогтармен әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту;