2022-2023 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жоспары » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2023

2022-2023 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жоспары

«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылындағы «Математика» бірлестігінің жылдық жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»

Ғылыми әдістемелік жұым мақсаты: Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін дамыту арқылы,оқушыларды кәсіби бағытта бейімдей отырып табысты оқытуға қол жеткізу
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқу үрдісін ізгілендіру»
Мақсаты:
1. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру.
2. Оқушыларға стандартқа сәйкес білімді беріп қана қоймай, білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларын дамыту.
3. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін енгізу және тәжірибе алмасу.
4. Әдістемелік жұмыстарды және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Мұғалімдердің барлық жұмыс түрлерін жүйелеу.






Міндеттері:
1) Қ.Р жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес оқу бағдарламасының талаптарын орындау;
2) Әдістеме бірлестігі мен мектеп көлеміндегі тақырыптарды оқытудың жаңа технологияларының әдістерін сабаққа енгізу,талдау және дамыту арқылы іске асыру.
3) Мұғалімдердің білімдерін жетілдіруге арналған оқу семинарларын ұйымдастыру;
4) Семинарларға, педогогикалық оқу ,т.б. іс-шараларға қатысу.
5) Оқушыларды тарих, құқық жетістіктерін пайдалана отырып, өндірістік экономикалық және қорғаныс потенциалын арттыруға нарықтық қатынастар жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға және ізденіп, зерттей білуге, сандық технологияларда құзырлылық танытуға үйрету.

o көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, тарихи тілде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу біліктігін қалыптастыру;
o тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б.) дамытуға бағытталған пәннің базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
o оқушыларды тарих, құқық ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға баулу;

2022-2023 оқу жылындағы «Математика»  бірлестігінің  жылдық жоспары