Қаңтар айында өткізілген іс шараларға шолу » "А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Розыбакиев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2023

Қаңтар айында өткізілген іс шараларға шолу

Қаңтар айында жоспарланған шаралар ретімен жүзеге асты. Әдеп сабақтары белгіленген мерзімде тұрақты өтілді. Айлық жоспар негізінде
23 қаңтар 2023 жылы «Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты» бағыты бойынша 8А сынып оқушыларымен «Десаулық – баға жетпес құндылық» атты дөңгелек үстел өткізілді
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін түсіндіру. Құндылыққа тәрбиелеу: Оқушылардың денсаулықты күту, сыйластық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Сынып сағаты дөңгелек үстел түрінде өтті. Сыныпқа қанатты сөздер ілінді Сынып сағатына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қаршова Жанар, мектеп психологы Омарова Гульмира, мектеп медбикесі Мусаева Мая қатысты. Сынып сағаты «Сөйлемді жалғастыр» атты психологиялық трейнигпен басталды. Трейнинг барысында Жақсы өмір, бақытты адам, өзін бағалай алу, өздері араласатын достары, өзге адамдармен қарым-қатынас, дос таба білу, денсаулық жайлы айтылды. Оқушылар денсаулық жайында өздері ойларын ортаға салып, слайдтармен жұмыс жүргізді. Мектеп психологы Омарова «Ғаламторды шамадан тыс пайдаланудың адам денсаулығына қаншалықты кері әсері бар екендігін бейне көрсетілімдер, презинтациялар арқылы түсіндірді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қонақтардың саласына байланысты қойып, өз жауаптарын алды.
12.01.2023 жылы 9-сыныптар арасында қазақ елінің біртуар азаматы,қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына байланысты «Өмірі өнгелі ер тұлға» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі,экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін,ерлігін,қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету,оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.Оқушылар Д.А. Қонаевтың еңбек жолдарын, қанатты сөздеріне тоқталды.Д.А.Қонаевқа арналған өлеңдерін оқып,ақын-жазушылардың пікірлерін жатқа оқыды.Тәрбие сағатында бейнеролик көрсетілді.Әттең,өмір шолақ,дүние керуен .
Елдің сый құрметіне бөленген көзінің тірісінде қазақ халқының ұлы тұлғасына айналған Д.А.Қонаев 1993 жылдың 22 маусымында Алакөл жағасындағы демалыс үйінде жүрек талмасынан кенеттен өмірден озғанын айтып өтті.Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де,әр қазақтың жүрегіне мәңгі сақталатынын түсіндірді.
23.01.2023ж 2 «А» сыныбында «Еңбек-бәрін жеңбек» тақырыбында әдеп сабағы өтілді.
Мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру, оқушыларды адал еңбекке баулу және адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезінде тақырыпқа сай «Болайықшы осындай» әнімен бастады. Слайд арқылы оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танстырды
Жүректен жүрекке айдарында оқушылар тілектер айтып, жүрекшелерді бір-біріне ұсынды.
30 қаңтар күні 5 в сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы бақыт мекені» тақырыбындағы тәрбие сағаты өткізілді. Ашық сабаққа 5 в сынып оқушыларының ата-аналары келіп қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты 3 бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылыр ата-аналарына арнап өлең жолдарын арнады. Екінші кезеңде ата –аналарға арнап музыкалық сәлем жолдады. Үшінші кезеңде ата-аналарға арнап видеоролик көрсетілді. Ата аналарға арналған оқушылардың өз шығармашылықтарынан тақпақтар орындалды.

Кабинеттің жалпы санитарлық жағдайы (0-5)
• Бөлме өсімдіктерінің бар болуы (0-5)
• Бөлме өсімдіктерінің сыртқы келбеті(0-5)
• Өсімдіктер отырғызылған ыдыстардың
сыртқы келбеті (0-5)
• Бөлме өсімдіктерінің әр түрлілігі (0-5)
• Бөлме өсімдіктерін кабинете орналастыруда санитарлы-гигиеналық нормаларға сәйкестігі (0-5)
• Кабинете бөлме өсімдіктерінің орналасу дизайны(0-5)
• Өсімдіктерде ақпараттық мәліметтердің болуы (0-5)
Осы критерий бойынша тексеру сыныптар бойынш тексерулер тексеру жұмыстары жүргізілді

31 қантарда үлгілі тәрбие сағаты өткізілді.
Тарбие сағат тақырыбы «Бабалар сөзі- тәрбие көзі» .
Тәрбие сағаттын мақсаты Оқушы бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру.Ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді оқушыларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Ұлыларымызды құрметтеу, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында Оқушылар біліммен тәрбие туралы өлең шумақтарымен қанатты сөздерді жатқа айтты. Улдар тобы «Қзақтай ел қайда » әнің шырқады,қыздар тобы «Атамекен әнін айтып шықты» сонымен қатар қазақ елінің ірі тұлғаларына да тоқталып өтті,Қазақ билері жайлы қойылым қойылды. Тәрбие сағаты Нукан Ансардын орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.
«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаңтар айының 25 –і күні Қазақстан Республикасының Біріккен ұллтвр ұйымының қатарына қосылғандығына 31 жыл тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарашова Жанар Шәріпжанова мен Уразбеков Нурлан Кенжетайұлы қатысты. Тәрбие сағатында оқушылар ға алғашқы болып тарих пәні мұғалімі Сабденбекова Жұлдыз Кеңесбайқызы «Қазақстан және Біріккен ұлттар ұйымы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада «Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған.
Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран¬цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды.
Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация¬лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдас¬тықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа ие болады. Сондай-ақ, Бас Ас¬самблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Қазіргі таңда, Қауіп¬сіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше болып келеді. Сондай-ақ, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ ол әлі шешімін тапқан жоқ» деп баяндаманы қорытындылады. Баяндамадан кейін оқушыларға арнап таратылған тест сұрақтарына жауап берді. Оқушыларға арнап біріккен ұлттар ұйымының құрылуы тақырыбындағы бейне ролик көрсетілді.
Сабақ барысында тарих пәні мұғалімі Нұрыпбаева Алия Нұрсадыққызы оқушылардың білімдерін сынап арнайы тапсырмалар орындатты.Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды және оқушыларға арнайы марапаттар тапсырылды.
Қаңтар айында сынып сағаттарын өтпеген сынып жетекшілер
«Рәміздерім мақтанышым» (үлгілі сынып сағаты) 6 Г сыныбы А.Амансуфиев

Қаңтар айында өткізілген іс шараларға шолу